Олимпиада ойындарының жүлдегері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұхтархан Ділдәбеков Шымкенттегі №270 референдум учаскесінде өз дауысын берді.
«Ел болашағы әрбірімізге байланысты екеніне сенімдімін. Сондықтан дауыс беруден тыс қалмаған жөн. Баршаңызды референдумда өз таңдауыңызға жасауға шақырамын», — деп атап өтті спортшы.
Көркем гимнастикадан Еңбек сіңірген жаттықтырушы Әлия Юсупова №85 учаскеде дауыс берді. «Үйлесімділік барлық нәрседе, соның ішінде сөздер мен істерге сәйкес болуы керек. Патриотизм туралы көп айтуға болады, бірақ оны әрекет— келіп өз таңдауыңызды жасау арқылы көрсеткен дұрыс. Бүгін еліміздің болашағына деген көзқарасыңызды іс жүзінде көрсетуге болатын күн», — деді Әлия Юсупова.
Белгілі опера әншісі Майра Мұхаммедқызы №11 учаскеде өз таңдауын жасады. Опера жұлдызының айтуынша, референдум — демократиялық реформалардың көрсеткіші. Себебі ел үшін маңызды шешімді қазақстандықтар өздері қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте 344 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.