Шымкентте құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар арасында самбодан чемпионат өтті

22
фото ШПД

Республикалық жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен құқық қорғаушы спортшылар қатысты.  26 команда құрамындағы 182 самбист 7 салмақ дәрежесінде жүлделі орындар үшін бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша күштік құрылымдар арасында командалық есепте ҚР ІІМ спортшылары жеңіске жетті. Екінші орынды Ұлттық ұлан командасы, үшінші орынды «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының командасы жеңіп алды.
Құқық қорғау органдары арасында командалық есепте Қарағанды облысы полиция департаментінің самбистері жеңді. 2-ші орынды Абай облысы ПД-нің құрамасы, 3-ші орынды Түркістан облысы ПД-нің командасы иеленді.
Жеңімпаздарға кубок, медаль, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, Ішкі істер министрлігімен жеке құрамның спортпен шұғылдануына және дене шынықтыру даярлығына ерекше көңіл бөлінеді. Полицейлер түрлі спорт түрлерінен әлем чемпионаттарында құрмет тұғырының ең жоғары сатыларынан көрінуде.