Шымқала жастары Әкім Ысқақпен кездесті

27
ОТЫРАР

Шымкенттік жастар қаламы қарымды қаламгер Әкім Ысқақпен жүздесті. «Алтыным, өмірді сүй, өзіңе сен!» тақырыбында өткен жиында жаңа кітаптің тұсаукесері өтті. Әдеби жиында жалын атқан жастар ақынның шығармаларын оқып, өнерлерін паш етті.

Бүгін Шымқала жастары жазушы және ақын Әкім Ысқақпен кездесті. Қарымды қаламгермен кездесуге келген студенттердің қарасы қалың. Олардың қатарында 18 жастағы Қайсар Жұман да бар. Ол осындай кездесулер жастарды ерекше әсерге бөлеп, бір сәт тынығуына жағдай жасайды дейді.

Қайсар Жұман, студент: «Әкім Ысқақ ағамызды бұрыннан оқимын. Қазір «Алтыным-2» шықты. Мен Әкім ағаны қатты жақсы көремін. Кітаптарын оқыған кезде де байқасаңыздар әр кітабында өзінің бір ерекшелі байқалып тұрады. Маған сол «Алтыным» деген сөзі қатты ұнайды»

Іс-шарада Әкім Ысқақтың «Алтыным» атты кітабының екінші бөлімі таныстырылды. Автор өз сөзінде өмірді сүюдің маңыздылығы мен әрбір адамның жеке күшіне сенудің қажеттілігін атап өтті.

Әкім Ысқақ, қоғам қайраткері, жазушы, ақын: «Біздің мақсатымыз — айналаға шуақ шашу. Бүгінгі кездесудің де тақырыбы «Өмірді сүй, өзіңе сен!». Шынында өмірді сүйген адам ғана айналаға шуағын шаша алады. Ал өзіне сенген адам ғана арманына жете алады. Сенің үйің жоқ болсын, көйлегің жоқ болсын ол — сенің кедейлігің емес. Дүниедегі ең кедей адам — арманы жоқ адам»

Рухани нәрге шөліркеген адам жаны үшін әдеби жиын өте әсерлі өтті. Кездесуде жастар ақынның шығармаларын оқып, өнерлерін паш етті.

Шара соңы Әкім Ысқақ пен жастар арасындағы ашық сұхбатқа ұласты. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жазушының өмірлік тәжірибесі мен кеңестерін тыңдады.