Жапон делегациясы Кентауға не үшін келді?

22
фото КҚӘБҚ

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Жапония делегациясын қарсы алып, келелі әңгіме жүргізді. Делегация құрамында денсаулық сақтау, еңбек министрлігінің және соғыста қаза тапқан жапон әскерлерін іздеумен айналысатын қауымдастық өкілдері бар. Олар Кеңес одағы кезінде тұтқындалып, Қазақстанның аумағында қайтыс болған жапон азаматтарының сүйегін зерттеп, оларды Жапонияға қайтару бойынша жұмыстарды жүргізбек.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы КСРО аумағына 560 мыңнан астам жапон азаматы жер аударылған. Оның біразы осында қаза тауып жерленген. Жапония мемлекеті ұзақ жылдардан бері жат елде қалып қойған отандастарының зиратын тауып, сүйектерін туған еліне қайтармақ. Түркістан облысы аумағында жапониялық тұтқындардың жерленгені туралы деректер бар. Соның бірі Кентау қаласында жүзеге асырылмақ.
Кездесуде осы мәселе талқыланып, қала әкімі Жандос Тасов заңға сәйкес тиісті қолдау жұмыстары жүргізілетінін айтты.