Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

111
фото Отырар.кз
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында К.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  610-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.
Қ. 2024 жылғы 18 қыркүйекте Шымкент қаласындағы Алматы тас жолымен, Алматы-Термез тас жолы жақтан, Қ.Төлеметов көшесі бағытында, «Volkswagen» маркасы автокөлігін басқарып келе жатып, Аль-фараби көшесінің қиылысында солға бұрылу барысында А.-ның басқаруындағы скутерға соқтығысқан. Нәтижесінде көлік құралдарына зиян келген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жол көлік оқиғасы туралы сызбасымен, көлік құралдарының бүлінгені көрсетілген көлік құралдарын қарап шығу туралы хаттамалармен дәлелденеді.
 
ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінің диспозициясына сәйкес — көлiк құралдарына материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзғандығы үшін 20 АЕК немесе немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыру әкімшілік жауапкершілігі көзделген.
Сот, анықталған мән-жайларға сүйене отырып, іс құжаттарына сәйкес, К.-ға ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 73 840 теңге айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.