Экологиялық заңнаманы сақтамағаны үшін серіктестік жауапкершілікке тартылды

25
фото kz.otyrar.kz
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 4-бөлігімен «K.» ЖШС-не  қатысты әкімшілік іс қаралды.
Шымкент қаласы бойынша экология деператаментімен Серіктестіктің қызметінде табиғатты қорғау заңнамасын сақтау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексерумен анықталғандай, Серіктестік нысанды пайдалану бойынша іс-шараларды экологиялық құжатсыз, яғни жергілікті атқарушы органға қоршаған ортаға әсер ету бойынша арнайы декларациясыз жүргізгені анықталды.
Осыған орай, қоршаған ортаға антропогендік әсер етуді арнайы декларациясыз жүзеге асырғаны үшін Серіктестікке қатысты ӘҚБтК-нің 328-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Сот отырысында Серіктестік өкілдері құқық бұзушылық жасау фактісін толық мойындады.
Соттың қаулысымен Серіктестік ӘҚБтК-нің 328-бабының 4-бөлігімен 1 жыл мерзімге қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша қызметтеріне тыйым салумен қатар 10 952 000 теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаулы заңды күшіне енген.