39 жастағы шымкенттік ана оныншы перзентін дүниеге әкелді

36

Шымкенттік ана оныншы перзентін дүниеге әкелді. 39 жастағы келіншек табиғи жолмен босанған. Гүлбану Пірімқұлова 6 қараша күні қалалық перзентханаға толғақпен түскен. Қазір ана мен нәрестенің жағдайы жақсы. Батыр ана жұбайымен бірге 3 ұл, 7 қыз тәрбиелеп отыр. Жанұяның тұңғышы студент. Пірімқұловтар отбасының ұл-қыздары еңбекке бейім, ата-анасына қолғабыс көрсетеді.

Гүлбану Пірімқұлова, Шымкент қаласының тұрғыны:  «Бәрі өте күшті өтті. Босануым да өте жеңіл болды. Оныншысын босанып, 5100 болды, ешқандай қиындықсыз. Дәрігерлерге алғысым шексіз!»

Гүлдана Сейдрасул