Филиппиндік студенттер таксиде әмиянын қалдырып кеткен…

92
фото ШПД Видеодан скрин
Қиын жағдайға тап болған Дженидас пен Джесси тәртіп сақшыларына жүгінді. Олар ішінде құжаттар, банк карталары және ақша болған әмиянды такси көлігінде кейдейсоқ қалдырған.
Шетелдіктер қаладағы Арбат аумағында кезекшілікте жүрген туристік полиция инспекторынан көмек сұраған.
Аға лейтенант Айнұр Көлбаева мән-жайды толығымен біліп, бірден такси жүргізушісін анықтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдады.
Нәтижесінде әмиян заңды иесіне қайтарылды.
Өз кезегінде филиппиндіктер жедел көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.