Келес ауданында оқушыларға филлиппиндік ұстаздар сабақ өтті

22
фото КАӘБҚ
Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясы мен Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы NIS-пен бірге тәжірибе алмасуда. Ауыл мектептерінің әлеуеттін арттыру мақсатында қолға алынған жоба аудан орталығындағы мектептің білім сапасын арттырып, материалдық техникалық базасын нығайта түспек. Жоба аясында шетелдік мұғалімдер де балаларға дәріс бермек дейді мектеп директоры Райхан Табылдиева.
– Білім беру процесінде оқытудың интерактивті түрлерін қолдану, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету өте маңызды. Сондықтан осы оқу жылының басында Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы NIS-пен ынтымақтастық орнады. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоры мектепке оқу кабинеттерін сыйлады. Бүгін мектебіміз ұстаздары білікті мектеп ұстаздарымен бірге балаларға сабақ берді. Солардың қатарында филиппиндік Gabriel Mozo Minas 7-сыныпқа, Princess Arguelles 11 сыныпқа сабақ өтті, — дейді мектеп директоры.
Айта кету керек, шетелдік білікті мұғалімдер балалардың ағылшын тілі бойынша айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын жетілдіру бағытында жұмыс жасады. Мектеп мұғалімдерімен ой бөлісіп, тәжірибе алмасты. Мұндай жоба білім ордасында алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.