Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жауапқа тартылды

21
фото ТОПД
Түркістан облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және түрлі құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған іс-шараның үш тәулігінде «ізін суытпай» 40 қылмыс пен бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары 2275 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда, «Ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін 52 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізудің 18 фактісі және қарсы жолаққа шығудың 9 фактісінің жолы кесілді.
Мысалы полиция қызметкерлері патрульдеу кезінде Түркістан қаласы көшелерінің бірінен «Хундай Соната» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталды. Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзушыны әкімшілік жауапқа тартылды.