Полицейлер дүкен кассасынан ақша ұрлығын тергеуде

24
Фото: newsone.ua
Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдікпен 38 жастағы шетелдік азаматты құрықтады.
Күдікті ер адам түнгі уақытта құрылыс заттар сататын дүкендердің біріне терезесін бұзып, заңсыз кіру арқылы дүкеннің кассасында болған 385 000 теңгені жасырын түрде жымқырып кеткен. Тергеу барысында анықталғандай, шетелдік азамат қылмыстық әрекетін қарыздарынан құтылу үшін қолды еткенін жеткізді.
Полиция қызметкерлері күдіктіні дер кезінде анықтап, айғақты затты тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.