Сайрам ауданының білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық білім мекемелерінде ағымдағы жылдың 11-15 қараша аралығын қамтитын психологиялық қызметтің апталығы басталды.
Онкүндік психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, аутоагрессияның алдын алу мақсатына бағытталған.
Апталықтың бірінші күні «Жарқын болашақ» тақырыбында «Болашақ бүгіннен басталады!» ұранымен бастау алды. Бұл күні көңілді флешмобпен басталып, «Ең үздік сынып» фотосуреттер көрмесі өткізілді.
Аптаның әр күні мақсаттарға негізделген тақырыптар бойынша қызықты да танымдық іс-шаралармен жалғасатын болады.