СЭС қорытындысы жоқ білім беру мекемелерінің асханалары қатаң бақылауда болады 

37
фото ТО СЭБД
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышановтың төрағалығымен кезекті лездемелік жиыны өтті.
Жиында Түркістан, Кентау қалалық, Сауран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшыларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы жоқ білім беру мекемелерінің және олардың асханалары бойынша заң аясында жұмыс жүргізу, АПВ қарсы вакцинациялау іс-шараларын, ЖРВЖ/тұмау ауруларын алдын алу бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылап, қадағалауды тапсырды.
Сонымен қатар, департамент басшысы Нұрбек Садықбекұлы әрбір салада атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасап, ұсыныстарды тыңдады. Жоспарлы жұмыстарды мерзімінде орындап, тиісті бөлім басшыларына бақылауын жүктеді. Облыста инфекциялық, паразитарлық аурулардың, аса қауіпті жұқпалы аурулардың, алдын-алу, тағамнан улаунуына жол бермеу, кез-келген тексерулерді заң аясында іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.