Арыс қаласында 2024 жылдың қазан айының 26-31 күндері аралығында бокстан 2009-2010 жылдары туылған үлкен жасөспірімдер арасында Қазақстан республикасының Оңтүстік-Батыс аймақтық чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға еліміздің 10 облысынан келген 302 боксшы қатысты. Жарыс тек спортшылар үшін ғана емес, сонымен қатар бокс жанкүйерлері үшін де қызықты әрі тартысты ұйымдастырылды.
Байқау барысында боксшылар өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болу үшін барын салды.
Аталған чемпионатта Сайрам ауданы «Ақсу Жекпе-жек» спорт клубының шәкірті Талғат Абылай 70 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығып, барлық қарсыластарын қапыда қалдырып, жеңіске жетті.
Спорттық сайыста I орынды еншілеген шәкіртіміз Талғат Абылай алда өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Бұл спортшымыздың кәсіби мансабында маңызды кезең болмақ.
Спортшымыз Талғат Абылайдың үлкен жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуі — бапкері Оразалиев Еркіннің маңдай тер, ерен еңбегінің нәтижесі.