Саурандық жиһаз өндірісі Мәскеуде танымалдылыққа ие болды

21
фото САӘБҚ
Саурандық жиһаз жасаушы кәсіпкерлер 17-22 қараша аралығында Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық көрмеге өз өнімдерін ұсынды. Бұл көрме жиһаз индустриясының соңғы жетістіктерін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Сауран ауданынан “Tak mebel” ЖШС, “Ideal Türkistan” ЖШС, Asia Brand” «Хабибулла ата” жеке кәсіпкерлер заманауи дизайндар мен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, түрлі стильдегі жиһаздарды таныстырды. Мәскеудегі көрме әлемдік нарықта танымал болғысы келетін кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндіктер ашты.
 Саурандық кәсіпкерлердің өнімдері ерекше эстетикасымен, сапасымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленіп, көрмеге келген қонақтар мен әлеуетті сатып алушылардың назарын аударды. Бұл көрме саураңдық жиһаз өндірісінің халықаралық нарықта танылуына мүмкіндік беріп, кәсіпкерлер үшін жаңа серіктестіктер мен келісімдерге келді.
 Отандық жиһаз өндірісі Мәскеу нарығын бағындырып, енді жаңа жетістіктерге қадам басады. Мәскеудегі көрмеде таныстырылған өнімдер жоғары сапасы мен ерекше дизайнымен көзге түсті. Бұл Сауранның жиһаз өндірісінің халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие екенін көрсетті. Кәсіпкерлер жаңа тұтынушыларды тартуда. Мәскеу нарығы — жаңа мүмкіндіктер мен нарыққа кірудің басты кезеңі, ал алдағы уақытта Саурандық жиһаз өндірісі тек Ресейде ғана емес, әлемдік нарықта да өз орнын табуға бағыт алуда.