Шымкентте мал сойып, тонналап қоқыс тастаған тұрғын жазаланды

32
фото inbusiness.kz

 

Шымкент тұрғыны мал сойып, ауыл маңына тонналап қалдық тастап кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Учаскелік инспекторлар қылмыс туралы жергілікті тұрғындардан WhatsApp желісіндегі жалпы чат арқылы біліп, дереу іздестіру шараларын бастады. Күдікті тез арада анықталды.

Ол өз әрекетін көлігінің істен шыққанымен түсіндірді, бірақ бұл жауапкершіліктен құтылуға көмектеспеді. Полиция оның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, ол қалдырылған қалдықтарды өз бетінше шығарды.