ОҚО-да қалдық өңдейтін зауыттар ашылады

760

Биыл облыста қалдықтарды кәдеге жарату үшін жаңа өндірістер іске қосылады. Түркістан қаласы мен Ордабасы, Түлкібас аудандарында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын зауыттар ашылады. Бұл туралы бүгнін облыстық табиғи ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ілияс Құрамысов мәлімдеді.

Тілшілер алдында өткен жылды қорытып есеп берген басқарма басшысы жер қойнауын оңды солды пайдаланған пысықайларға қарсы жүргізілген жұмыстарын да тізбектеп шықты.

Басқарма басшысы былтыр өңірде қоршаған ортаны қорғауда және жер қонауын пайдалануда атқарылған шаруаларды шетінен шолып шықты. Тіпті экологияға кері әсер ететін факторлардың бірі тұрмыстық қалдықтардың көлемін де есептеп берді. Бір жыл ішінде үйді-үйден 328 мың тонна қоқыс шығарылған. Дамыған елдерде пайдалы компоненттерді кәдеге жаратып жатқанда бізде қалдықтар енді ғана сұрыптала бастады. Түркістан қаласы мен Ордабасы ауданында іске қосылатын кәсіпорындарда қалдықтар қайта өңделетін болады.

шум қоқыс полигоны
СНХ: Ілияс Құрамысов ОҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдаланауды реттеу басқармасының басшысы:
– Қазір облыс әкімі олармен келіссөдер жүргізілп жатыр. Олар басқа ақалада пилоттық жобасын аяқтап болған соң келеді…

Күнгейдің экологиясын жақсарту үшін қолға алынған «Шатқал» бағдарламасы аясында 4 жыл ішінде 37 мың гектар жерге 15 млн. түп түрлі ағаш көшеттері отырығыызылатын болады дейді мамандар. Былтыр көгалдандыру жұмыстары өңірде белсенді іске асты. Билік өкілдері мен халық қалаулыларынан бастап қарапайым тұрғындарға дейін тал егіп, жасыл желекке атсалысты. Алайда, кей өскіндер көктей солып, күтімі болмаған соң қурап та қалғаны есте. Десе де отырығызылған көшеттердің барлығын да күтіп баптау жұмыстарын қадағалауға қауқарлымыз деп сендірген Құрамысов мырза жасыл желектің өну көрсеткішін министрлік бекіткен есеппен түсіндіріп берді.

СНХ: Ілияс Құрамысов ОҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдаланауды реттеу басқармасының басшысы: Бізде отырғзылған көтешеттердің 75 пайызы жасыл желекке айналды. Ауылшаруашылығы минисрлігінің есептуінде осынша пайыз өнсе, 100 пайыз болып есептеледі.

Салаға жауаптылар жер қонауын заңсыз пайдаланушылардың жолын кесуде. Былтыр осындай 18 дерек тіркелсе, осынша жер қойнауын пайдаланушынының келісім шарттары уақытша тоқтатылды дейді мамандар. Енді қазбалардан көл-көсір пайда тапқысы келген пысықайлар айыппұлға тартылады