Шымкенттіктерге жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар ұсталды

52
фото ШПД
Полиция 22 жасар тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады. Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған.
Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтықта төлеу шотын жіберу арқылы алған. Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған.
Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды. “Киберпол” бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймақтарында болуы мүмкін екенін атап өтті.