Тараптар медиациялық келісімге келді

21
Фотобанк Freepik
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «A.» ЖШС-гі жауапкер «Д.» ЖК-ден берешек сомасын өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
«А.» ЖШС-і талап қоюында жауапкерден жалға алынған ғимарат үшін 3 миллион теңгеге жақын ақшаны өндіруді сұраған.
Істі сотта талқылау барысында тараптар медиатор судьяның
көмегімен келісімге келіп, нәтижесінде жауапкер бір жылдың ішінде талап қоюшыға ай сайын 217 478 тенге төлейтін болды. Тараптарға медиациялық келісімді бекітудің және медиация келісімінің талаптарын орындамаудың салдары түсіндірілді. Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.