Алматы, Сарыөзек, Тараз, Отар және Шымкент гарнизондарының тәрбие құрылымдарының жеке құрамымен оқу-әдістемелік жиындар өтті. Бұл жиындар жеке құраммен жұмыс істеуде негізгі функцияларды орындайтын тәрбиешілердің кәсіби дайындығы мен практикалық дағдыларын арттырудағы маңызды қадам болды.
Жиындардың негізгі мақсаты олардың функционалдық міндеттерін орындау дағдыларын жетілдіру болды. Тәрбиешілер бөлімдерде моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруда, жоғары жауынгерлік дайындықты сақтауда және Отан қорғаушыларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Жиын барысында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен, ардагерлер ұйымдарымен және сарбаз аналары комитетімен өзара іс-қимыл мәселелерін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
Жиындарда құрлық әскерлерінің әртүрлі әскери бөлімдерінің офицерлерінен құрылған дәріскерлер тобының дайындаған сабақтары өтті. Ал жалпы басшылық Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы полковник Арынғали Ақышевке жүктелді. Өз сөздерінде спикерлер әскери бөлімде тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды жоспарлау мен өткізуді ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелерді қарастырды.
Жеке блокта бөлімшелер мен әскери бөлімдерде нүктелік профилактика әдістемесін іске асыру, сондай-ақ бүгінгі күні әскери бөлімдерде әскери тәртіпті нығайту және моральдық-психологиялық ахуалды сауықтыру мәселелері бойынша негізгі құжат болып табылатын «Өміріңді сақта» бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды.
Жауынгерлік дайындық сабақтары кезінде әскери қызметшілерді психологиялық сүйемелдеу талқылаудың жеке тақырыбы болды. Жиынға қатысушы тәрбиешілерге стресс және дене дайындығы жағдайында жеке құрамға психологиялық қолдау көрсетуге көмектесетін заманауи әдістер мен тәжірибелерді зерттеді. Мұнда Бұл әсіресе қазіргі армия жағдайында, әскери қызметшілердің моральдық тұрақтылығы бөлімшелердің жауынгерлік қабілетіне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылатынына тоқталған жөн.
Оқу-әдістемелік жиындар тәрбиешілердің кәсіби дағдыларын арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Олар тәжірибе алмасуға және жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі әскери бөлімдер арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар жеке құраммен тиімді жұмыс істеуге және әскери ұжымдар қатарында тәртіпті қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті кадрлар құрамын қалыптастыруға ықпал ететіні сөзсіз.