Тауар бағасын көрсетпегені үшін кәсіпкерлерге бір миллион теңге айыппұл салынды

24
фото kz.otyrar.kz
Қазіргі нарықтық экономикада сатып алушылардың құқықтарын қорғау мен сауда орындарындағы ашықтық мәселесі аса маңызды. Сөреде тауар бағаларының көрсетілмеуі – бұл көптеген жағдайда жиі кездесетін жағдай. Мұндай жағдайдың пайда болуы құқықтық және экономикалық тұрғыдан бірқатар қиындықтар мен мәселелерді туындатуы мүмкін.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 193-бабының 4-бөлігіне сәйкес Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылы дүкендерде сөресінде тауар бағасын көрсетпегені үшін 68 кәсіпкерлік субъектісіне 924 756 теңге айыппұл түрінде шара қолданылды.
Сөреде тауарлардың бағалары көрсетілмеген жағдайда сауда орындарында баға көрсетудің міндеттілігі мен оның дұрыстығын қадағалау үшін бақылауды күшейту қажет. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершілікті арттыру керек. Сөреде тауарлардың бағалары көрсетілмеген кезде тұтынушылардың құқықтары бұзылады, нарықтағы ашықтық пен әділ бәсекелестік принциптері сақталмайды. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ҚР Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген жадынамаларды Түркістан облысында орналасқан сауда орындарына таратылып нақты талаптар қойылды. Тек осы жағдайда ғана тұтынушылардың құқықтары толық қорғалып, нарықтың тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік туады.
Құқықтық тұрғыдан ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, және «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9-бабы, 31-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сауда орындарында тауардың бағасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс делінген. Бұл ереже тұтынушылардың өз құқықтарын толық түсінуі мен дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді. Бағалар көрсетілмеген жағдайда сатып алушыға тауардың құнын алдын ала білу мүмкіндігі берілмейді, бұл заңға қайшы келеді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында «Өнімдерді таңбалау және олардың бағаларын көрсету» туралы мемлекеттік стандарттар бар. Бұл стандарттар дүкендер мен сауда орындарының тауарлардың бағаларын нақты және анық көрсетуін талап етеді.
Бағалары көрсетілмеген тауарлар супермаркеттер мен базарларда жиі кездеседі. Мұндай жағдайлардың орын алуына техникалық себептер, кейде дүкендер жүйесінің ақаулары немесе жаңа тауарлардың енгізілуі барысында бағалар уақытша көрсетілмей қалуы мүмкін. Бағаны алдын ала білмеу тұтынушыларға жоспарлау мен бюджеттеу қиындықтарын туғызады. Мысалы, баға соңғы сәтте белгілі болған жағдайда, сатып алушы өзінің шығыстарын қадағалай алмайды. Бағалары көрсетілмеген сауда орындары тұтынушылардың сенімін жоғалтуы мүмкін. Сатып алушы кез келген уақытта бағаны өзгертуі мүмкін екенін сезініп, өзіне қолайлы жағдай іздейді.
Егерде өз құқығыңыздың бұзылғанын байқасаңыз, дүкен сөрелерінде тауар бағасы жазылмаған фактілерді анықтасаңыз немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалса, я болмаса сапасыз қызмет алсаңыз Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сол кәсіпкерге қатысты арыз-шағым білдірсеңіз болады. Ол үшін «жедел желі» нөмірлеріне (+7771 322 8282, +7700 606 0071, +7775 224 5616, +7707 347 3876), сондай-ақ электронды және жазбаша өтініштерді департаменттің мекенжайына (Түркістан қаласы, Жаңа қала мөлтек ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, А корпусы, 427 кабинет), «Е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жіберуге болады.