Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына талап қоюшы А. жауапкер Н.-дан баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайына алимент өндіру туралы талап қоюымен жүгінген.
Бітімгершілік рәсімі шеңберінде сотпен тараптарға аталған дауды медиация тәртібімен реттеу құқығы түсіндіріліп, дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды, оның талаптары бойынша талап қоюшы А. талап қоюынан бас тартып, өз кезегінде жауапкер Н. талап қоюды мойындап, 2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 12 шілдеге дейін әр айдың 10 күніне дейін ай сайын 10 АЕК мөлшерінде жұбайын асырауға арналған қаражатты төлеуге міндеттенді.
Соттың ұйғарымы бітімгершілік келісім заң талаптарына сәйкес және ешкімнің құқығына нұқсан келтірмей түзілгендіктен, келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.