Жоғалып кеткен балықшылар су қоймадан табылды

20

 

Түркістан облысы Шардара су қоймасында 1944 және 1953 жылы туған екі адам үрлемелі қайықпен түнгі балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кеткен.

Белгілі болғандай, ТЖМ құтқарушылары жоғалған балықшыларды тапты. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшылар жағаға жеткізілді. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша ешқандай медициналық көмек қажет болмаған.

Балықшы: «ТЖМ құтқарушыларына,Асқар Кандилаевқа алғыс айтамыз. Олар бүгін бізді ашық суда құтқарды. Айналаны тұман басып кеткендіктен, бізге ештеңе көрінбеді. Біз қайықпен жағаға шығуға барынша тырыстық, бірақ онымыздан ештеңе шықпады. Біз 5 сағаттай су бетінде қалып қойдық. Бізді қалай тауып алғанына әлі де таңбыз, алғысымыз шексіз»

Шұғыла Ерментай