2025 жылдан бастап, айлық есептік көрсеткіш өсіп, көлемі 3 932 теңге болады. Бұл, АЕК-пен есептелетін кез келген төлемнің, айыппұлдардың да көлемі артады деген сөз. Мәселен, Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» туралы 372-бабына өзгерістер енгізілді. Рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке өсті.
Сонымен қатар, үйдің кіреберісінде қоқыс салынған дорба қалдырсаңыз 78 640 теңге айыппұл арқалайсыз, егер қайталанса, 117 960 теңге.
Қоғамдық орында түкіргені, сондай-ақ көрінген жерге қоқыс тастағаны үшін 19 660 теңге айыппұл салады.
Ал көпшілік орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК, яғни 78 640 теңге айыппұл салады немесе 30 тәулікке қамауға алынады.
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белбеуін тақпағаны және көлік жүргізіп бара жатқанда телефон пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, яғни, 19 660 теңге.
Жүргізу құқығы жоқ жүргізушінің көлікті басқаруы 20 АЕК, яғни 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Көлік құралын басқару құқығынан айырылғандар көлік жүргізсе, оларға 50 АЕК, яғни 196 600 теңге айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады.
Сондай-ақ, Қазақстанда заң бойынша кешкі сағат 22.00-ден 9.00-ге дейін тыныштықты бұзуға болмайды.
Тұрғын үй ғимараттары мен тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарына жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін шулауға тыйым салынады. Тәртіп бұзған жеке тұлғалар 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл арқалайды.