Қаламыздағы «Gramad» сауда желісі биыл жаңа жылдық әшекейлер мен бұйымдарды өте көп ассортиментте сатылымға шығарыпты. Олардың басым бөлігі жаңашыл, бұрын соңды болмаған үлгіде. Келе жатқан мерекеге ерте қамданған қала тұрғындары сатып алуды бүгіннен-ақ бастап кетіпті. Бәлкім оған себеп, сауда орталығының мерекеге орай науқанмен жеңілдік қарастыруында шығар.
Жаңажылдық безендірулерді ертерек алуға кіріскен Шымкент тұрғыны Фарида Өлмесова науқан аясында жылда ерте қимылдап, жаңа жылдың қамын жасайды екен. Оның айтуынша биыл ассортимент өте мол. Және түрлі мерекелік керек-жарақ ерекше дизайнда, жаңашыл үлгіде. Бастысы «Gramad» сауда орталығындағы бағалар да тиімді дейді. Мерекелік көңілде сауда жасап жатқан ол, бүгінгі жоспарында шырша және оның безендірулерін алмақшы. Сөзінше, мұнда шыршалардың табиғи және жасанды түрлерінің көптеген нұсқалары бар. Онан соң, тамаша үйлестірілген сыйлық себетін де сатып алатынын айтты.
Фарида Өлмесова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Былтырғыдан қарағанда биыл ассортимент өте жоғары. Сыйлықтар мынау шыршаға ойыншықтар деген сынды. Былтырда осында келіп сауда жасағам. Ал биыл ассортимент өте көп және бағалары да қолайлы, қолжетімді».
Қаламыздағы үлкен сауда орны мерекеге орай жаңажылдық әшекей-бұйымдардың ассортиментін 3000 мыңға тарта алдырған. Олардың ішінде мерекелік безендіру заттары 150-200 теңгеден басталады. Онда неше түрлі шырша шарлары, бұтақтары, қоңыраушалары бар. Әсіресе жаңа жылдық декорацияны ашатын сәндік бұтақтардың сан алуан түрлері көрген адамды қызықтырмай қоймайды. Ал қаз-қатар бой түзеген шыршалардың ең кішісін 790 теңгеге алуға болады екен. Осындай таң-тамаша жаңа жылдық әшекейлерді көрген келушілер, көңілдері көтеріліп, тауарлар қатарын шолып шығып жүр. Олардың айтуынша «Gramad» бұл жолы ерекше таңғалдырды.
Ғазиза Абсаматова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Ал енді жаңа жылға шынында керемет безендірулерді қойған екен. Кірсең көңілің көтеріледі. Мерекенің жақындап келе жатқанын сезінесің ғой. Тіпті былай айтқанда ауырып жүрген адам, өзінің көңілі көтеріліп мынаны көрген кезде, бір өзін жақсы сезініп қалады екен».
«Gramad» сауда желісі тұтынушыларын осындай жаңа жылдық фотозонамен қарсы алады. Мұнда кірген адам мерекелік атмосфераға еніп кетеді. Көздің жауын алатын неше түрлі жаңа жылдық әшекейлер менмұндалап толып тұр. Олардың көпшілігі жаңашыл және бірегей. Шыршалар, сыйлықтар, ойыншықтар бәрі-бәрі ерекше үлгіде. Мұндағы тауарлардың кең таңдауына ерекше тоқталған жөн болар. Себебі сауда орталығындағы ассортименттен мерекеге қажеттінің бәрін таба аласыз. Сондай-ақ дүкенде жаңа жылдық бұйымдарға 40-50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Самат Заутбаев, «GRAMAD» сауда орталығының директоры: «Жаңа жылдық бұйымдардың жаңа түрлері өте көп. Биыл жаңашыл ассортименттер алып келдік. Мәселен, егер шыршаға ассортимент керек болса мешора бар бізде, гирландияның шамамен 20/30 түрі бар. Мешуралардың жобамен 50/60 түрі бар. Одан бөлек жаңа жылдық шарлар бар, шарлардың түрлері 50-40 — қа шамалайды. Бұтақтардың да түрлері өте көп»
Сауда орталығының сөрелерінен кең орын алған сыйлық қораптары, әртүрлі өнімдерден – дайын жиынтық сыйлығы. Ол мұнысымен қоса әр өнімін жалпы есептегеннен арзан. Сондықтан болар қала тұрғындарының көрген-білгені көптеп алып жатыр. Жалпы сауда желісі биылғы жаңа жылдық әшекейлер бұрынғыдан өзгерек екенін айтады. Бастысы мұнда жаңа үлгідегі бұйымдар өте көп. Және олар науқанмен сатылуда. Сондықтан сіз де асығыңыз.