Көші-қон заңын бұзған 92 шетел азаматы елден аластатылды

24
фото ШПД
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында Шымкент қаласы аумағында «Заңсыз келуші — 2024» іс-шарасы өткізілуде.
Жыл басынан ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған жалпы 4902 ҚР азаматтарымен шетелдіктер анықталды. Оның ішінде, көші-қон заңын өрескел бұзған 92 шетел азаматы республика аумағынан аластатылды.
Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал.
Егерде заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз!