Отшашуды дұрыс пайдаланбағандардан қаржы өндіруге болады. Егер пиротехникалық заттардан жарақат алсаңыз, құзырлы органдарға арыздануға құқығыңыз бар. Оқиғаның мән-жайын толықтай баяндап, зардап шеккеніңізді құжатпен дәлелдесеңіз, кінәлі тарап сізге материалдық шығын өтеуге міндетті.
Мұндай жағдайларда құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, қажетті шараларды қабылдайды. Әсіресе, отшашуды қолдану барысында қауіпсіздік ережелері бұзылса, зардап шеккен азамат өз құқықтарын сот арқылы қорғай алады. Бұл кезде куәгерлер түсініктемесінің де көмегі орасан.
Венера Нұрғалиқызы, заңгер: «Пиротехниканы дұрыс қолданбаған, дұрыс атпаған адамды заңға тарту үшін, одан ем-домға материалдық қаражат өндіру үшін ол адамға нақты дәлел қажет. Дәлелдеу керек. Мысалы, оқиға орнында суретке түсіру керек. Фото, видеофиксация жасау керек. Сосын дәрігердің қорытындысы керек, адамның денсаулығына қаншалықты зиян келгені бойынша»
Заңгер Қазақстанда пиротехникалық бұйымдарды сату лицензияланатын қызмет түрі екенін еске салады. Бұл дегеніміз отшашуларды тек арнайы рұқсат алған сауда орындарынан сатып алу қажет. Бүгінде құзырлы органдар тарапынан бақылау күшейтілгендіктен, заңсыз сатылатын пиротехникалық заттарды пайдалану қауіпті әрі заңға қайшы екенін ұмытпаңыз.
Венера Нұрғалиқызы, заңгер: «Пиротехниканы заңсыз сататын адамдарға келетін болсақ, оларда арнайы рұқсат қағаз болмаса оларға ӘҚбК айыппұл салынады. 92.300 тг. 25 АЕК мөлшерінде»