Шымкентте отшашуды заңсыз саудалаған 22 адам жауапкершілікке тартылды

22

Заң бұзушылардан 108 дана пиротехникалық заттар тәркіленді.Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері аталған заң бұзушылықтарды отшашулар сатылатын орындар мен базарларда жүргізген рейдтер барысында анықтады.

Осылайша тәртіп сақшылары 3 қаңтарға дейін сауда орындарын аралап, патрульдеу жұмыстарын жүргізетін болады. Профилактикалық шара барысында өнімнің құжаттары, сауда жасауға рұқсаты мен пиротехникалық жарылғыш заттарды сақтау орындары тексеріледі.
Тұрғындарға пиротехникалық заттарды тек лицензиясы бар дүкендерден сатып алуға және пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият зерделеуге кеңес беріледі.