Қоғамдық тамақтандыру типі және мамандануы бойынша ажыратылатын және өндірісті ұйымдастыру және тұтынушыларға қызмет көрсету бірлігімен ерекшеленетін кәсіпорындардан құралған халық шаруашылық саласы болып табылады.
Кез келген қоғамдық орындарда арнайы санитариялық – гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар қойылады. Соның ішінде ең маңызды жәнеде көп көңіл бөлінетіні, ол қоғамдық тамақтанау орындарының санитариялық – гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар болып табылады.
Қоғамдық тамақтану орындарына, тағам өнімдерін өндіретін нысандарына қойылатын санитариялық – эпидемиологиялық талаптары:
— нысан қызметінің басталуы туралы хабарламаның болуы және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының (50 орыннан жоғары болса) болуы.
— тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы;
— қоғамдық тамақтану және тағам өндіретін нысандағы бөлмелердің ішкі әрленуі ылғалға және залалсыздандыруға төзімді материалдан жасалуы;
— нысанда орталықтандырылған ауыз су және кәріз жүйесінің болуы ;
— нысанның ыстық және суық сумен қамтамасыз етілуі;
— жұмыскерлердің жеке бас гигиенасын сақтауға жағдайдың болуы;
— персоналдың санитариялық киіммен қамтамасыз етілуі (кем дегенде 3 жиынымен);
— шикізат өнімдерін (тамақ өнімдеріне т.б.) сақтауда тауарлық көршілестік ережесін және температуралық режимнің сақталуы;
— мұздатқыштарда (морозильник), тоңазытқыштарда (холодильник) термометрлердің температуралық режимін қатаң бақылау;
— шикізаттың және дайындалып, сатылудағы өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың (сертификат, сәйкестік туралы декларация) болуы;
— қолданыстағы жабдықтардың, ыдыс-аяқтардың жуылуы, залалсыздандырылуы (дезинфекция, дезинсекция, дератизация) іс-шараларының жүргізілуін қатаң қадағалау;
— өндіретін тамақ өнімдеріне өндірістік бақылау (зертханалық зерттеу) жүргізу;
— салқын тағам, кремді кондитерлік өнімдерді дайындау орындарында залалсыздандыруға арналған бактерицидтік шамдар орнату;
— жұмыс орнында күнделікті және күрделі жинау-тазалау, заллалсыздандыру жұмыстарын жүргізу;
— жұмыскерлердің медициналық қарап тексеруден өтуі және медициналық кітапшаның жұмыс орнында болуы;
— гигеналық оқудан өткен, кәсіби дайындығы бар персоналдарды жұмылдыру;
— жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтау, аранайы киіммен, бір рет қолданылатын қолғаптармен толық қамтамасыз етілуі қажет.
Егер сіз егжей-тегжейлі және толыққанды мәлімет алғыңыз келсе төмендегі бұйрықтардан таба аласыз:
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы ҚР-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.
— ҚР ДСМ 28.04.2021ж. №36/2021 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.
Жоғарыда көрсетілген санитариялық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жұмыс жүргізуге шақырамыз.
Қоғамдық тамақтану орындары және тағам өндіру объектілері гигиеналық талаптарды сақтауға және оны орындауға міндетті.
Ж.О.Қудаярова
Абай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының бөлім басшысы