Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қандай?

75
фото Егемен

 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде эпидемиологиялық маңызды нысандардың қатарына енетін нысандар атқаратын қызметіне сай нормативті құқықтық актілермен (НҚА) санитариялық талаптарға сәйкестендіріледі.

Сондықтан көпшіліктің назарында жүретін қоғамдық тамақтану, тағам өнімдерін өндіретін, көтерме және бөлшектеп сататын сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық басты талаптарға қысқаша тоқталып өтейік. Бүгінгі таңда тағам гигиенасы саласындағы басты НҚА нысанның атқаратын қызметіне байланысты төмендегіше:

– ҚР ДСМ 17.02.2022ж. №16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;
– ҚР ДСМ 28.04.2021ж. №36 бұйрығымен бекітілген «Азық-түлік өнімдерін өндіретін нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;

– ҚР ДСМ 20.08.2021ж. №83 бұйрығымен бекітілген «Кондитер өнімдерін өндіретін нысандарға, өндіру, орау, тасымалдау, сақтау, сату мен жою жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;
– ҚР ДСМ 04.08.2021ж. №73 бұйрығымен бекітілген «Азық-түлік өнімдерін көтерме және дара сату нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары;

– ҚР ДСМ 23.11.2021ж. №123 бұйрығымен бекітілген «Алкогольді, алкогольсіз, ыдысқа құйылған ауыз су өнімдерін өндіретін нысандарға, алкогольді, алкогольсіз, ыдысқа құйылған ауыз су өнімдерін өндіру, сақтау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалардың талаптарына сай болуы тиіс.

Осы қолданыстағы НҚА басты ортақ талаптар келесідей:
– бөлмелердің ішкі әрленуі атқаратын қызметіне сай залалсыздандыру сұйықтарының әсеріне төзімді материалдардан әрленуі;

– ауыз су, ыстық су, лас су, жарық жүйелерімен жабдықталынады. Түрлі деңгейдегі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін келушілер мен персоналға араналған раковиналар қол жуу, өңдеу, сүрту немесе кептіру құрылғыларымен және құралдармен жарақталады;

– тамақтану объектілерінде желдету және (немесе) ауа баптау, жылумен жабдықтау жүйелері көзделеді, ал өндірістік, қосалқы бөлмелерінде сору-сыртқа тарату желдеткіші (ылғал, ыстық және газ бөлу орындары) тұрғын және өзге де мақсаттағы ғимараттың немесе оған жапсарлас салынған ғимараттың желдету жүйесінен бөлек құрылады, шудан қорғау шаралары көзделеді;

– объектінің шаруашылық аймағында, арнайы белгіленген орында су өткізбейтін жабыны бар, қоқыс және тамақ қалдықтарын жинауға арналған бөлек контейнерлер (жабылатын сыйымдылықтар, конструкциялар) орнату арқылы, тек оларды жинауға және сақтауға пайдаланылатын, жарамды жағдайдағы, оларды тазалауды, жууды және жануарлардың кіруінен қорғауды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаның ластануын, оларға атмосфералық жауын-шашынның, ылғалдың түсуін болдырмайтын қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинауға арналған алаң көзделеді;

– азық-түлік өнімдерін дайындау, өндіру, сату үшін пайдаланылатын азық-түлік (тағамдық) шикізатының, тамақ өнімдерінің және қосымша материалдардың әрбір партиясы қабылдау, сақтау, тасымалдау және сату кезінде олардың қадағалануын және қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бірге жүреді. Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауардың ілеспе құжаттамасына өнімнің шығарылған уақыты мен күні, сақтау шарттары (температурасы, қажет етілген жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдығы), соңғы жарамдылық мерзімі көрсетіледі;
– барлық тағам объектісінде санатына, типіне, түріне, қуаттылығына, меншіктік нысанына қарамастан өндірістік бақылау ұйымдастырылады, яғни ХАССП қағидатына негізделген (қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (ХАССП) рәсімдерді әзірлейді, енгізеді;

– жабдықты пайдалану, жуу және дезинфекциялау оларды пайдалану, жуу…
Ә. Төлебаев, Шымкент қалалық СЭБД басшысы