Сағындық Тоғамбай — Азия чемпионы

21
фото ШӨКҚ
Отандасымыз Сағындық Тоғамбай Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында топ жарды.
Ұлттық құрама спортшысы 92 келіде ақтық сында Парвиз Каримовтің (Тәжікстан) осал тұсын тапты. Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері алғашқы және екінші раунда қарсыласын есеңгіретіп тастады. Осыдан кейін де ауыр соққыларымен Каримовке ес жиғызбады.
Бұл Чиангмайдағы Қазақстан ерлер құрамасының еншісіндегі 3-алтын медаль. Ертеректе Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) әнұранымызды шырқатқан.