Оңтүстік спортшылары Азия чемпионатында топ жарды

Оңтүстік спортшылары самбодан Моңғолияда өткен Азия чемпионатында топ жарды. Самбо спорт түрінен сынға түскен жерлестеріміз финалға шығып 3 алтын, 3 күміс, 1 қола жүлдені місе тұтты. 52 келіде сынға түскен Әбдіразақ Абдухамит қарсыластарынан бір бас жоғары екенін дәлелдесе, Байкамур Марат 90 кг салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2 орынға жайғасты. Енді спортшыларымыз қыркүйек айында Грузияда болатын әлем чемпионатында бақтарын сынайды.