Шымкентте жалған құжаттармен жер учаскелері беріліп келген. Қала прокуратурасы заңсыз берілген жер телімдерін анықтап, оларды қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қадағалаушы орган жер пайдалану мерзімдерін заңсыз ұзарту және жалған құжаттар негізінде жерлерді заңдастыру сынды деректерді анықтаған.
Жыл басынан бері қадағалау актілері негізінде мемлекетке кадастрлық құны 747 миллион теңгеден асатын 160 гектардан астам жер қайтарылған. Енді олар заңды экономикалық айналымға енгізілмек.
Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі:
«Құқық бұзушылықтар бойынша төрт лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда»