Шымкентте «Мирас» университетінің «MIRAS TAZALYQ» инновациялық жобасы қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Қоғамдық орындарға қойылған SMART дәретханалар заманауи технологиялармен жабдықталған және еуростандартқа сай келеді.
Жобаның басты мақсаты — қалаға заманауи және экологиялық шешімдер енгізу.
Әжетханалар қауіпсіздік талаптарына сай жасалған. Терезе түсі арқылы іште адам бар-жоғын анықтау мүмкіндігі тазалық жұмыстарының да сапалы болуын қамтамасыз етеді. Әжетханаға кіру үшін QR код арқылы төлем жасау қажет. Ішіндегі терезелер адамның кіріп-шығуына байланысты автоматты түрде күңгірттеніп, қайта мөлдірленеді.
Сондай-ақ, ауа тазартқыш тұрақты қосулы, жазда салқындатқыш, қыста жылы еден жұмыс істейді. Су үнемдейтін және сенсор арқылы іске қосылатын құрылғылар орнатылған.
Қазіргі таңда мұндай әжетханалар қалада екі жерде (Тәуке хан 2 а және «Спутник» сквері) орнатылып, қолданысқа берілді. Алдағы уақытта аталған SMART дәретханалардың саны қаламызда артатындығы жоспарланып отыр.