Махмұд Сабырхан — 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды.
Жерлесіміздің жеңісі — Қазақстан қоржынына салынған алтыншы алтын медаль.
Еске сала кетсек, 29 қараша — 11 желтоқсан күндері аралығында Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Ерлер бәсекесінде 117 спортшы 13 салмақта жүлдеге таласты.
Махмұд Сабырханың жарыс жолындағы қарсыластары:
54 келі. 11 боксшы Махмұд Сабырхан
1/8 финал Ян-Лин Лей — бірінші раундта жеңіске жетті
1/4 финал Кумара Жайаназ — екінші раундта жеңіске жетті
1/2 финал Саравут Сукзет — 5:0 есебімен жеңді
Финалда Шахзод Музаффаровты — 4:1 есебімен жеңді.
Сөйтіп, Махмұд Сабырхан ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды.
Қазақ спортшысы барлық раундта қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, еш мүмкіндік берген жоқ. Осыдан 2 жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында Махмұд финалда сүрініп, 2-орыннан көрінген болатын. Бокс спортынан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі. М.Сабырхан 2001 жылы 9 қыркүйекте Төлеби ауданындағы Маятас елдімекенінде дүниеге келген.