Ол — қуат пен тылсым күштің символы! 1990-шы жылдары «Отырар» телеарнасының негізін қалаған іскер әйел. Бүгін Шымкентте Валентина Куликованыңшығармашылық кеші өтті. Ұлы ұстаз дарынды журналистерді тәрбиелеп, бүгінде қаншама тілшілерге тәлімгер болып қала берері анық. Шығармашылық кешке мерейтой иесінің әріптестері, достары және «Отырар» телеарнасында қанаттанған шәкірттері жиналды.
Валентина Куликова — телеарнаның бұрынғы басшысы ғана емес, сонымен қатар есімі кәсібиліктің синониміне айналған адам. Оны тек достары емес, «Отырар»
телевизия мектебінің түлектері жақсы көреді және бағалайды.
1990-шы жылдары қиын қыстау кезеңде, Валентина Куликова жаңа форматтағы теледидардың негізін қалауға батыл кірісті. «Отырар» халықтың көкейіндегі мәселелердің шешілуіне ықпал еткен, билікпен кері байланысты орната білген алаңға айналды.
Бүгінде Валентина Куликова энергиясымен және өз ісіне деген сарқылмас
сүйіспеншілігімен жанындағыларды шабыттандыруды жалғастыруда.
Валентина Куликова, Шымкент қаласының Құрметті азаматы: «Мен кәсібімді, жасап жүрген ісімді жақсы көремін. Адам тірлігін аса сүйіспеншілікпен жасаса, жемісін көреді. Адамның ұстанымы болуы тиіс».
Шымкент қаласының Құрметті азаматын көпшілік «ВК» деп атайды. Ол іскерлік пен талапшылдықтың символы. Өткенді бағалайтын, жинақтаған тәжірибесін кеңінен пайдаланып, жаңашылдықты тез қабылдайтын Валентина Куприяновна бүгінде Шымкент өмірі туралы блог жүргізіп, шаһардың өркендеуіне сүбелі үлесін қосуда.
Өмірлік жолы шәкірттері мен достары, әріптестеріне үлгі өнеге болған тұлғаның 80 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеші керемет атмосферада өтті. Өйткені Валентина Куликова кез — келген жағдайда шешім таба алатын және өзге адамдарға жол көрсете білетін тұлға.
Шынар Оразова