Жетістікке толы 70 жас!

1109
Мерейтой иесі

Жетпіс жас. Жемісті ғұмыр. Мерейлі той. Бұл сөздердің барлығы Валентина Куприянқызына қатысты. Мамыражай мамыр айының 11-ші жұлдызы күні Валентина Куликова 70 жасқа толды.

Мерейтой иесі
Мерейтой иесі

Оңтүстікке танымал медиахолдингтің жетекшісі. Өңірімізге белгілі журналистердің ұстазы. Тек өңіріміз ғана емес, Қазақстанға аты шыққан тілшілерді тәрбиелеп, өсірген тұлға. Валентина Куприянқызының тәлімін алып, журналисттика саласында құлашын кеңге самғап жүрген тілшілер қаншама.

Атап айтар болсақ: Мәди Манатбек, Зәуре Оралбаева, Бекжігіт Мәуленов, Базаркүл Отыншиева, Евгений Дробязко, Ольга Каплина, Татьяна Напольская, Ирина Ли, Ирина Абрамова, Мақсат Жақсыбаев, Бек Әбиев, Илхам Ибрагимов, Лилия Шаймарданова, Марина Низовкина, Виталий Ковалев және т.б. көптеген елімізге танымал қалам иелерін айтуға болады.

Валентина Куликова бірнеше ұрпақ толқынын тәрбиеледі
Валентина Куликова бірнеше ұрпақ толқынын тәрбиеледі және тәрбиелеп жатыр

«Құрмет» орденінің иегері Валентина Куликова қазіргі таңда «Отырар-TV» телеарнасы, «Рабат» және «Оңтүстік Рабат» газеттері мен otyrar.kz, kz.otyrar.kz сайттарынан тұратын ірі медиахолдингті басқарады.

Осынау қуанышты күнде Валентина Куликованың тәлімін алған, қол астында жұмыс істеген барлық шәкірттері ұстаздарына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, қыжығы мен шыжығы мол жұмысында табыс тілейді!

004

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=teCMDWMaRUk[/youtube]