Жаңа жыл—жаңа күнтізбелік жыл басталып, күнтізбенің жыл саны бірге өсетін күн. Жаңа жыл – бұл жай ғана мереке емес, сонымен қатар әр бала үшін таңғажайып асыға күтетін мереке. Балалар да, ересектер де одан тағы бір ғажайып, жаңа бақыт күтеді.
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында көптеген ата-аналар балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтарды таңдау туралы шешім қабылдайды.Балаларға сапалы және қауіпсіз сыйлықтар мен тәттілерді сатып алу үшін бірнеше ережелерді сақтау қажет. Жаңа жылдық сыйлықтарды ұйымдастырылған сауда орындарынан алыңыз — дүкендер, супермаркеттер, бөлшек және көтерме сауда базарларда. Сыйлықты сатып алғанда, ең алдымен, қаптаманың түпнұсқалығы мен жарықтығына емес, оның мазмұнына назар аудару керек. Жиынтықтарды таңдағанда, тәттілердің құрамында дәм мен хош иісті күшейткіштер, консерванттар (E200, E202, E210, E249), синтетикалық бояғыштар, табиғи секілді хош иістендіргіштер, гидрленген майлар мен тоң майлар, сондай-ақ табиғи кофе болмауы керек екенін білу қажет. Табиғи бояғыштар мен хош иістендіргіштер құрамына рұқсат етіледі. Сонымен қатар, балалар арасында ішек ауруларының пайда болу факторлары бола алатын кремді кондитерлік өнімдер сияқты тез бұзылатын өнімдерді жаңа жылдық сыйлықтарда қолдануға тыйым салынады.Әрбір сыйлықта өнім туралы Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қамтитын анық, оңай оқылатын белгі (затбелгі) болуы керек. Тамақ өнімдердің таңбалауда міндетті түрде мынадай ақпарат болуы тиіс:
- өнімнің атауы, құрамы,салмағы, тағамдық құндылығы, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары
- дайындаушының өз аумағында тұтынушылардан шағым қабылдауға уәкілетті дайындаушының атауы және орналасқан жері (бар болса);
- дайындаушының тауар белгісі (бар болса);
- өнім жасалған және сәйкестендірілуі мүмкін құжаттың белгіленуі;
- сәйкестікті растау туралы ақпарат.
Жаңа жылдық тәтті сыйлықты таңдағанда, қаптаманың беріктігіне назар аудару керек. Мазмұны, атап айтқанда кәмпиттер мен басқа да тәттілер сыртқы әсерлерден жақсы қорғалуы керек, қаптама мықтап жабылуы керек, мыжылған немесе деформацияланбаған болуы тиіс. Кондитерлік өнімдерді тоңазытқышта немесе қаптамада көрсетілген температуралық режимі бар бөлмеде сақтау керек.
Егер сіз жұмсақ ойыншық сыйлағыңыз келсе, бұл ойыншықта толтырғышта қатты немесе өткір бөгде заттар болмауы керек екенін ұмытпаңыз. Жұмсақ толтырылған ойыншықтың тігістері берік болуы керек. Сонымен қатар, таңбалау тұтынушы қаптамасына немесе ойыншықпен бірге жүретін төсемге жазылуы керек. Таңбалау анық, жақсы көрінетін, өшірілмейтін болуы тиіс және онда: ойыншықтың атауы мен жас ерекшелігі, дайындаушы кәсіпорынның атауы, оның мекенжайы, жасалған күні, қауіпсіз пайдалану жөніндегі ескерту жазбалары болуы тиіс.
3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарды дайындау үшін шыны мен түкті материалдарды қолдануға жол берілмейді. Ойыншықтарда құрамында тез тұтанатын материалдарды, қатты немесе өткір бөгде заттары бар толтырғыш материалдарды (шегелер, инелер, металл жоңқалар, шыны сынықтары және т. б.) қолдануға жол берілмейді.
Ойыншықтардың пішіні дұрыс, беті тегіс, өткір, кесетін жиектері, бұралуы және ойықтары болмауы керек.
Кез келген сыйлық сіздің және баланың көңілдеріңізді қалдыртпай, оның денсаулығына зиян тигізбеуі үшін ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігіне мән берген жөн. Сондықтан сыйлық аларда сатушыдан сыйлықтың барлық компоненттерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды және сәйкестік декларациясын сұрауға құқылысыз.
М.Ш.Сатымбекова, Шымкент қаласы Әл–Фараби ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы