Электрондық вейптерді сатушы сотты болды

21
Фото: salsknews.ru

«Нөлдік төзімділік» қағидаты негізінде жасалған меморандум аясында
коммуналдық қызметшіден қоғамдық орында белгісіз тұлғаның электрондық
темекіні (вейптерді) сатып тұрғаны туралы полицияға хабарлама түсті.

Бұл факті бойынша Еңбекші АПБ-мен ҚР ҚК-нің 301-1-бабымен сотқа
дейінгі тергеп-тексеруді бастап, «А» есімді әйел азаматшасы әшкереленді.
06.01.2025 жылғы сот үкімімен аталған құқық бұзушы 30 АЕК
мөлшерінде айыппұл түріндегі қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Жалпы аудан бойынша коммуналдық қызметшілердің көмегімен 1000-
нан астам наркожарнамалар жойылды, 41 әкімшілік және 3 қылмыстық
құқық бұзушылық құрықталды.

Қала тұрғындары мен қонақтарына шегілмейтін темекі бұйымдарын,
электронды тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатқаны және таратқаны үшін
қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеміз.