Орамжапырақ сатушы қыздың «алып қашушыларға» ешқандай арызы жоқ

469

Жақында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ОҚО-да орын алған орамжапырақ сатушы қызды ұрлап бара жатқан бейнематериал жарық көрген болатын.

Осы жәйтке қатысты ОҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері бейнероликтің кейіпкерлерін анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары болып шықты. Ұрланған қыз бен оның ата-анасының ешкімге қояр арыз-шағымдары жоқ. Қазіргі таңда ол қыз тұрмысқа шықты. Өз кезегінде, айта кетсек, қалыңдықтың туыстары ішкі істер органдарына бейнематериалды таратқандарды жауапкершілікке тарту бойынша арызданбақшы.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы