Енді Шымкентте яндекс карталар мен 2ГИС бағдарламасы жүргізушілерді жолдың қауіпті аймақтары туралы ескертеді. Бұл туралы прокурорлар мәлімдеді. Жол апаттарының басты себебі жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзуы болғандықтан осындай шара қолға алынып отыр.
Авариялық-қауіпті учаскелер анықталып, қала прокуратурасы мен аталған компаниялар бірлесіп навигаторларға аса қауіпті аймақтардың картасы және оларға жақындаған кезде жүргізушілерді дауыстық ескерту функциясын енгізді. Картаға қала бойынша жалпы саны 30-ға жуық аймақ енген.
Сонымен қатар, егер жүргізуші қауіпті учаскеге дейін кемінде 300 метр жылдамдықтан асып кетсе, дыбыстық ескерту іске қосылады.
Қуандық Айтбайұлы, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы: «ЖКО-ның негізгі себебі жүргізушілердің жол жүру ережелерін бұзуы болып табылады. Жолдардың авариялық-қауіпті учаскелерін талдау нәтижелері бойынша қала прокуратурасымен Яндекс карталары және 2ГИС-пен бірлесіп навигаторларға аса қауіпті учаскелердің картасы және оларға жақындаған кезде жүргізушілерді дауыстық ескерту функциясы енгізілді. Картаға қала бойынша осындай 30-ға жуық аймақ қосылды».