«Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұрын атқарған қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.
Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда дүниеге келген. Ол Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Экономист-менеджер, заңгер мамандығын меңгерген.
Қызметінде Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкенттен Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі сынды бірнеше лауазымды атқарды.