«Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның орындалуы нәтижелі

25
фото kz.otyrar.kz

 

2025 жылдың 20 қаңтарына дейін, 6 380 адам халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жүгінген болса, оның ішінде нақты 2 154 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, бұл жоспардың 3,7 % құрады (жылдық жоспар 58 022 адам).

Атап айтқанда: 636 адамға платформада талап етілетін дағдыларға онлайн-оқытылды (www.enbek.kz); 22 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқуға тіркелген. Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 560 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді (жылдық жоспар 7591 адам).
13 адам әлеуметтік жұмыс орындары;
47 адам жастар практикасы;
472 адам ақылы қоғамдық жұмыстар;
28 адам зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасына жолданды.

Бос жұмыс орындарына 936 адам тұрақты бос жұмысқа орналастырылды (жоспар 15 272 адам). Осы ретте, еңбек нарығы жағдайы бойынша 2024 жылғы IІІ тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 % болса ал, 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1 % құрады.

2024 жылы 83 971 адам халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жүгінген болса, оның ішінде нақты 30 284 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды немесе жоспардың 100,3 % құрады (жылдық жоспар 30 207 адам). Атап айтқанда: 513 жұмыссызды жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыс орындарында оқытуға жолданды;
157 адамды жұмыс берушінің жұмыс орнында оқытуға жолданды;
2711 адамға платформада талап етілетін дағдыларға онлайн-оқытылды (www.enbek.kz);

3383 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқуға тіркелген.
400 АЕК дейінгі 428 адамға комиссияның шешімдеріне сай, осал топтарға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Субсидияланатын жұмыс орындары бойынша 7166 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді (жылдық жоспар 7453 адам).
170 адам әлеуметтік жұмыс орындары;
2456 адам жастар практикасы;
2455 адам ақылы қоғамдық жұмыстар;
1274 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы;
20 адам Ұрпақтар келісім шартына;
791 адам зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін «Күміс жас» жобасына жолданды.

Бос жұмыс орындарына 15926 адам тұрақты бос жұмысқа орналастырылды (жоспар 14846 адам). Осы ретте, еңбек нарығы жағдайы бойынша 2024 жылғы
IІІ тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 % болса ал, 15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1 % құрады.

Бекзат Рахманқұлұлы Толыбаев,

Еңбек мобильділігі орталығы

директордың орынбасары