Заңсыз жарнама жасаған 4 компанияға айыппұл салынды. Олар тұрғын үй құрылысына үлескерлердің қаражатын тарту мақсатында жарнама жасаған. 4 құрылыс компаниясы үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзу негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Компаниялар 3 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады. Қалалық прокуратура тұрғындарға ең алдымен құрылыс компанияларының лицензиясы мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, көз жеткізуге кеңес береді.
Ғалымжан Тұрсынбай, Шымкент қалалық прокуратурасының басқарма прокуроры: «Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімшілік кодекстің 320-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн теңге айыппұл салынды. Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиясы мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, құжаттардың дұрыстығына көз жеткізуді ұсынамыз».