Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды

28
фото ШПД
Тексеру кезінде полицейлер олардан «синтетика» салынған 50 орама тауып, тәркіледі. Жоғары оқу орындарының 18 жастағы студенттері қала аумағында жасырын орындарға есірткі қойып, оның координаттарымен мессенджерде бөлісіп отырғаны анықталды.
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу жайты бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған қылмысты жасағаны үшін олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тәртіп сақшылары ескертеді: есірткімен байланысты кез-келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.