Түркістанда отбасылық жағдайдан қажыған жас әйел өзіне қол салмақ болды. Оқиға «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында орын алды. Келіншек жанұясындағы қиындықтардан шаршап, 5,5 метр биіктіктен секіріп кетпек болған. Абырой болғанда, полицейлер оны дер кезінде көріп қалып, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі: «Полицейлер көпірге жармасқан жас келіншекті әңгімеге алдандыра отырып, қолынан тартып алды. Қапсыра құшақтап алып, қауіпсіз жерге алып шықты. Бүгінде оқиғаның толық мән-жайын анықтап, онымен профилактикалық әңгімелесу шаралары атқарылуда».