Шымкент қаласына «Жібек жолы» туристік пойызы келді. Самарқанд қаласынан келген пойыз ары қарай Алматы қаласына жол тартады.
Қазіргі уақытта үшінші мегаполиске табан тіреген 115 турист қаланың мәдени нысандарын аралауда.
Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының ұйымдастырған бұл жоба 5 күнге созылады.
«Бұл енді бастамасы. Бұл поезд Шымкент қаласына бірінші рет келді. Ары қарай да ай сайын туристік пойызды Шымкент қаласында күтіп алуға дайынбыз. Келген қонақтарға туристік маршрут дайындалды», — дейді Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов.