Жібек жолы көшесінде орын алған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

151

Шымкенттегі тағы бір жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол осыдан екі күн бұрын орын алған Жібек жолы көшесіндегі эксковатр мен Тойота көліктерінің қақтығысы. Осылай деген полицейлер ауыр көліктің жүргізушісі ешқайда кетпеу туралы қол қойып, бостандықта жүргенін айтады.

Айта кетейік, қос көліктің соғысуынан Тойота көлігіндегі екі азамат ажал құшқан еді. 11 айлық бала оқиға орнында көз жұмса, екіншісі кеше жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Жансақтау бөлімінде тағы екі жолаушы жатыр.

Назерке Үкібасова