1 наурыз — кемсітушілікке қарсы күрес күні

фото okg.kz

1 наурыз — кемсітушілікке қарсы күрес күні. «Кемсітушілік нөлі» күні (Zero Discrimination Day) немесе кемсітушілікке қарсы күрес күні 2014 жылдан бастап БҰҰ шешімімен жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Кемсітушілікке қарсы күрес күнін құрудың бастамашысы Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ, ЖИТС бойынша біріккен бағдарламасы-ЮНЭЙДС басшылары болды.

Кемсітушілік (латын тілінен discriminatio – бөлу) – «қысу». Қазіргі тұжырымдамада бұл сөз адамның құқықтарына әртүрлі белгілермен (әлеуметтік, діни, нәсілдік, ұлттық, жыныстық және т.б.) қысым жасау үшін қолданылады және әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұған барлық заманауи мемлекеттер басынан өткерген тарихи тәжірибе дәлел бола алады. Олардың градациясы тіпті мемлекеттік деңгейде де қорлау мен құқықтарды шектеуге қатысты әділетсіз қатынастардан тұрады.

Осы күнге арналған іс-шаралардың негізгі мақсаты: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мәселелеріне назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-ның осалдығына әсер ететін факторларды жою, әр адамның қадір-қасиетімен толыққанды өмір сүру құқығын еске салу.

ЮНЭЙДС жолдауында: «Қоғамдастықтар АИТВ-ға қарсы әрекеттің тұрақтылығында және денсаулық сақтау саласындағы кең, ауқымды, жаһандық күш-жігерде маңызды рөл атқарады. Олар АИТВ-мен өмір сүретін және зардап шеккен барлық адамдарға құрметпен қарауды қамтамасыз ету бойынша өз миссиясын берік ұстанады.

Дегенмен, 40 жылдан астам уақыт бойы қауымдастықтар барлығына, соның ішінде негізгі топтарға медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етудегі жетекші рөліне қарамастан, стигма (таңба басу), кемсіту, криминализация, қаржыландыруды қысқарту және саяси қысым сияқты көптеген қиындықтарға тап болуда», — деп мәлімдеді.

Осы кемсітушілікке қарсы күрес күнінде ЮНЭЙДС үкіметтерді, донорларды және серіктестерді өз міндеттемелерін орындауға және қоғамдастықтарға қолдау көрсетуге шақырады, өйткені олар АИТВ-ға тұрақты жауап беруді қамтамасыз етеді.

Шымкент қаласының ЖИТС орталығының бас дәрігері Б. Сырбек:

— «Стигма (таңба басу) және кемсітушілік — АИТВ-инфекциясының 4-ші сатысына өту қаупінің өсуіне, медициналық көмекпен қамтамассыз ету деңгейінің, сондай-ақ білімге, жұмысқа орналасу қолжетімділігін шектейді» — деп, кемсітушіліктің салдарына назар аударды.

Әр адамның құқығын қорғау – ортақ міндет. Кемсітушілікті тоқтатуда әрқайсымыздың рөліміз бар. Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы 1 наурыз — кемсітушілік күніне орай АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру бағытында ақпараттық-танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма (таңба басу) мен кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ әркімнің денсаулығын сақтау үшін әркімнің құқығы қорғалуы керектігін хабардар етуде.

Б. Сырбек,

Бас дәрігер