1 наурыз – алғыс айту күні

978
ассамблея

Биыл елімізде ұлттар татулығы мен бірлігін жаңа деңгейге көтеретін ерекше мереке пайда болды. 1 наурыз Елбасының жарлығымен алғыс айту күні болып бекітілді. Атаулы датаны тойлаудан өңірдегі ұлттық мәдени орталықтар да қалыс қалмақ емес.

ассамблеяОрталық басшыларының басын қосқан бұл жиында ұлыстар достығын нығайта түсетін мерекені ұйымдастырудың жоспары талқыланды. Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке түрлі тарихи себептермен Қазақ топырағына табан тіреген этностарды «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне топтастырады дейді орталық басшылары.

Бүгінде облыста жүзден аса өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың ішінде аймақта өзбек ұлтының өкілдері Сайрам, Түркістан аудандарында, тәжік ұлтының өкілдері Сарыағаш ауданында көп шоғырланған. Облыс деңгейінде жиырма ұлттың мәдени орталықтары жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтардың аймақтағы қала, аудандарда 71 филиалы бар.